«Естімейді»: Алтынай Жорабаева билікті тағы да сынға алды
Танымал әнші Алтынай Жорабаева билікті кезекті рет сынға алды. Әнші Қазақстан билігі жанайқайды естімейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында айтыскер ақын Қажымұқан Абзаловтың еліміздегі ЛГБТ өкілдерін сынап жазған постын бөліседі.
- Еееее, қайтейік?! Бұл жан айқайды еститін билік болмай тұр ғой, - деп жазбасын бастаған әнші ары қарай айтыскер ақынның ойын береді:
"Елге қарайтын бет жоқ, лгбт , лбкт (лесбианка, гей, бисексуал, трансгендер(транс әйелдер мен транс еркектер), квир ) Жалпақ сөзбен айтқанда , еркек пен еркек , әйел мен әйел, жынысын ауыстырғандар келе жатыр…
Қайтсек екен? Жынысын құртқан жынды, адамдықтан қалған азғын, бетімен кеткен бәлелер біздің елге де жоспар құрып отыр. 29-мамырда көк байрағымыз түрлі-түсті туға тапталайын деп тұр. Ұлыңды гей, қызыңды лезби қыл деп, ұран көтереді. Әкім көрмегенсіп, әкімшілік білмегенсіп, милициялар министр келгендей қоршап тұратыны анық. Не істеуге болады?
Ақшаға атысып, қызға төбелесіп, күші тасып көшеде жүргендерді емге таппайсың, ақиқат деп айқайлап, шындық деп шыңғырғандардың біреуі де жазбайды. Карантиндік талап деп жиын аңдып, той тінтіп жүргендердің көзі соқыр, құлағы бітеу болады, көресіздер. “Енді не істейміз” деген ән емес зар болды-ау.
Артын тосып келгендерге құшақ ашып отырамыз ба? Түркінің төрі Түркістанға саңғып, Шырайлы Шымқаланы былғап кете берсін бе?
Құзыреті, қызметі бар кімің бар? Биікке көзі, билікке сөзі өтетін қайсың бар?
Бірдеңе жасайықшы, бауырлар!" - деп жазды айтыскер ақын.
Алтынай Жорабаева Қажымұқан Абзаловты қолдап, осы ойын өз парақшасында бөлісті.