Анасын есіне алған Саят Медеуов елдің көзінше жылап жіберді (видео)

oinet1 02-06-2021

Желіде отандық танымал әнші Саят Медеуовтың жылап жатқан видеосы тарап, елді алаңдатты. Белгілі болғандай, өнер иесі анасын есіне алып, көз жасына ерік берген.

Саят Медеуов.jpg

Саят Медеуовтың жылаған видеосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан өнер иесінің мерекелік шарада отырғанын көруге болады. Алайда, той барысында бір жайт әншінің көңіл-күйін бір мезетте түсіріп тастайды. Ортаға ана туралы ән айтуға шыққан балақай, әртіске өзінің марқұм анасын есіне салады. 

Жақынынан айырылған эстрада жұлдызы өзін барынша ұстауға тырысқанымен, бәрібір көз жасына ерік береді. Желі қолданушылары анасын әлі де аса сағынып жүрген Медеуовке қолдау білдіріп, оны барынша жұбатты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

<script async="" src="//www.instagram.com/embed.js"></script>
​Қорық-музей мен агенттік арасында меморандум жасалды
В Шымкенте защищены права более 5 тысяч предпринимателей
Көтерілу
×