Танымал журналист бұрынғы басшысы Мұхамеджан Тазабекті қатаң сынға алды
OINET.KZ - Танымал журналист Серік Боқан Facebook парақшасында өзінің бұрынғы басшысы Мұхамеджан Тазабекті кіналап жазды. Оның айтуынша, Мұхамеджан Тазабек оған қарыз екен.
"Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек туралы арнайы кітап жазып шықтым. Кезінде Асыл арна ТВ да жұмыста болдым. Исламды өз мүддесіне пайдаланып бұрмалай беретініне төзе алмадым, және өздеріне де, Асыл арнаның тікелей эфирінде де қарсы шықтым. Себебі ислам һақ дін. Олардың пендешілдігін көтермейді. Кейін менің соңымнан сөзді қарша боратыпты. Талай адам абайлашы деп жеткізді.
Сонымен қолыма қалам алдым. Мұны яғни кітапты жазбаста едім Ардабекті (ол тек детал) кірістіріп мені батпаққа итергені жанға батты. Қысқасы есек судан өткенше дегендей қылды. Сарт сауан мәзіреті сияқты Алланың атымен ант,-су ішіп тұрып біраз күннен кейін сөзінен тайды... Маған қандай қарыз екені және еңбек ақымды қалай жеп кеткені толық жазылған.
Полицеилерге аяушылық болмау керек дегенге шақырып уағыз айтқан Мұхамеджан Тазабек қандай ақиданы ұстанады? Намаз оқысаң өзің үшін оқисың дейді тағы? Бейне бір сәтте дінсіз адамның кейпіне өтіп жалт етіп құбыла қалады... "Приказ орындалу керек" дейді. "Сендер бұйрық атқарушысыңдар" демек күнә емес демекші. "Полицей жолдастар сауап аласыңдар!" деген мән шығады тәпсірлесе. Осы уағыздан кейін полицейлер құтырынып кетті. Талай адам мерт болды. Меккеде құймышағынан теуіп сындырып жіберетін деген сөзі барынша қатыгездікке алып келді.
Кеше 70 ке келген Халида апаның жатырынан тепкен полицейдың әрекеті әлеуметті дүрліктірді. Бүкіл түркия Еуропа елдеріне дейін таралды. Осындай келеңсіздіктің үлескері Мұхамеджан!" - деп жазды Серік Боқан.
Еске сала кетейік, осыған дейін Серік Боқан Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға қарсы шыққан болатын. Ашуға булыққан Бекболат Тілеухан журналисті қарғаған еді. Нәтижесінде журналист Мәжіліс депутатынан кешірім сұрап, екеуі татуласқандай болып еді.