Көпір көпке шыдайды

oinet2 22-05-2019

Screenshot_24.jpg     

Таяуда  БАҚ өкілдері Төлеби ауданындағы Ақмешіт шатқалына апаратын «Екпінді –Ақмешіт» жолындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан көпірдің жұмысымен танысты. Өткен жылы желтоқсанда басталып биыл тамызда аякталады деп жоспарланған көпір жұмысы көктемгі толассыз жауында біраз тоқтап қалған. Он бес жылға кепілдігі бар көпірді салуға 48 миллион  теңге қаралған. Ұзындығы 30, ені 10 метр,  екі көлік қатар сиятын, 60 тонналық жүкке арналған көпір маусым айында пайдалануға берілмек. «Шынымен ұзақ мерзімге шыдас бере ме?» деген тілшілер сауалына жауапты мамандар  тереңдігі үш метрге дейін бетондалғанын айтты. «Екпінді – Ақмешіттен» бөлек, Қаратөбе, Шахта Тоғыс, Ханарық ауылдарындағы  үш көпірдің жөнделуіне аудан бюджетінен 200 миллион теңге бөлініп, құрылысы жүргізілуде. Бәрі осы жаз ішінде пайдалануға беріледі деп күтілуде.

     Айтпақшы,  жақында Ақмешіт шатқалында «Таңсұлу» демалыс аймағы ашылады. Сайрамсу өзені бойынан да  жаңа демалыс орындары бой көтермек. Аудан әкімдігі бұл ретте ақпараттық қолдау  мақсатында Леңгір қаласында туристік мәлімет алатын орталық ашылып, арнайы сайты жасалып, мобильді қосымшасын дамыту көзделген. 


Төлебиліктер көгілдір отынның рахатын көруде
Ауызсудан тапшылық жоқ
Көтерілу
×