Құттықтаймыз!
Бүгінгі өткен Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясынан кәсіподақтар үшін қуанышты жаңалықтар бар.
Мәслихаттың күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттар «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын 20 қала тұрғынына беру туралы шешім қабылдады. Олардың қатарында кәсіподақ қозғалысына елеулі еңбегі сіңіп жүрген кәсіподақ мақтаныштары да «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды.
Атап айтсақ:
Злавдинов Вельким Ильич - «ВИЗиТ алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС-ның бас директоры;
("YNTYMAQ" салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы)
Жақсықұлов Бахытжан Ержанұлы - Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
(Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымы)
Шакиров Мұқан - Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері;
("Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы)
#kasipodaqkz
#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы