Димаш Құдайбергенов Иманғали Тасмағамбетовке рахмет айтты (фото)

oinet1 03-06-2021

Танымал әнші Димаш Құдайберген мемлекет қайраткері, зейнеткер Иманғали Тасмағамбетов туралы жылы пікір білдірді. Ол өзіне ылғи қолдау көрсететін Имекеңе алғыс білдірді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Димаш Құдайбергенов.jpg

“Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық”, - деп Абай атамыз бекер айтпаған. Осы тұста көрнекі қоғам және мемлекет қайраткері, өр мінезі мен іскерлігі, руханиятымыз бен ұлтымызға деген жанашыр қасиеттер бойынан табылған Иманғали ағамызбен әңгімелескен сайын ерекше рухани азық аламын... Өте жақсы кездесу болды. Мен дегенде алып ұшқан жүрегіңізге, тілегі көлдей көңіліңізге көп рахмет аға!" - деп жазды Димаш Құдайбергенов.

Құттықтаймыз!
Қарақат Әбілдина баланы қалай тәрбиелеу керектігін айтты
Көтерілу
×