Зиянкестерден қорғайтын жәндік өсіреді

oinet2 25-05-2019

Screenshot_15.jpg

Жетісай қаласында  80 гектар аумақта жаңа шағынаудан пайда болмақ.  Аталмыш жобамен жақында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданына жасаған сапары барысында танысып қайтты. Бүгінде жобалық сметалық құжаттары толық аяқталған. Алдағы уақытта аталған орталықта 20 көпқабатты тұрғын үй, 1200 орындық мектеп, балабақша, спорт кешені сынды әлеуметтік нысандар бой көтермек. Орталықтың өзіндік жеке газ жүйесін реттеуіші, ауыз су мұнарасы, жылу қазандығы, подстансасы салынатын болады.

Кейін облыс басшысы «Жетісай» биофабрикасына аялдады.  Ынтымақ ауылында орналасқан кәсіпорын 2011 жылы құрылған. Фабрика жылына 50 мың гектар алқапты зиянкестерден қорғайтын жәндік өсірумен айналысады. Атап айтқанда, трихограмма (44кг), алтын көз (7 млн дана), бракон (9 млн. дана) сынды өнімдерді өндіреді. Бүгінгі таңда кәсіпорында 24 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорының жұмысымен танысқан облыс басшысы ауыл шаруашылығына қажетті өнімдерді өндіруде аталған фабрика жұмысын жандандыра түсуді айтты.

«Жетісай» биофабрикасының мәжіліс залында аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев аймақтың даму жоспарымен таныстырды. Онда аудандағы индустиалды аймаққа орналасатын жобаларды, өңірді инфрақұрылыммен қамту мәселелері баяндалды. 2018 жылы ауданда атқарылған жұмыстар сөз болды. Жиынды қорытқан Өмірзақ Шөкеев жалпы облыстың оңтүстік аймақтарындағы аудандардың дамуы баяу жүріп жатқандығын тілге тиек етті. Инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды көбейтуді тапсырып, өзінің жеке қадағалауында болатынын жеткізді.


Іздегенге жұмыс көп
Түркістан көшелерінде веложол болады
Көтерілу
×