Түркістан көшелерінде веложол болады

oinet2 27-05-2019

Screenshot_16.jpg

Түркістан қаласында мемлекеттік мұқтажы үшін алынатын нысан саны 1035-тен бүгінгі таңда 1148-ге ұлғайды. Оның ішінде 716 тұрғын үй, 206 кәсіпкерлік және 226 ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер. Мұндай мәліметті қала әкімі Әліпбек Өсербаев облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде мәлімдеді.  Шаһар басшысының айтуынша жалпы қала бойынша 39 көшеге және скверлермен аллеяларға 74 мың шаршы метр көпжылдық және бір жылдық гүлдер, 118,5 мың шаршы метр газон, 59 мың дана декоротивті қылқан жапырақты ағаш, 19,1 мың дана бұталы ағаш және көптеген вертикалды көгалдандыру элементтері жоспарланыпты. 

  Сондай-ақ, қала әкімі жиында жаңадан 12,3 шақырым канал арықша салынса, 11,2 шақырым канал арықшалар қалпына келтірілгенін айтты. Сонымен қатар, осы канал арықшалар бойынан 12,3 шақырым веложол және 7,5 шақырым аяқжол салынатындылығы баяндалды. 

Баяндаманы танысып шыққан облыс басшысы күзге дейін құрылыс жұмыстарын қарқындатып, қаладағы сүрілетін нысандардың иелерімен түсіндірме жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды. Бұдан басқа, канал арықшаларының бойынан веложол және аяқжол салу жұмыстарын тезірек қолға алу керектігін айтты. Сондай-ақ қалаға велосипед алып келу керектігін жеткізді.


Зиянкестерден қорғайтын жәндік өсіреді
Шығыс стилі - Түркістанның басты ерекшелігі
Көтерілу
×